Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин Silkway университетіндегі тың жобалармен танысты

Опубликовано:

Silkway Халықаралық университеті
Фото: Silkway Халықаралық университеті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов "Silkway" Халықаралық университетінің базасында орналасқан "SmartHub" және Шымкент қаласы IT компанияларының жобасымен танысты.

SmartHUB-тың негізгі мақсаты - Цифрлық технологияларды пайдалана отырып қызметкерлерге, білім алушыларға қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ барлық салада цифрлық технологияның енуін қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.

Бүгінгі таңда 10 маман жұмыс істейтін SmartHUB-та коворкинг орталық, семинар залы, STEM аймағы, бейне-фото студия, демалыс аймағы, бизнес-инкубатор, жұмыс орындары бар.

Сонымен қатар, 30 компьютер, 1 робот Промобот-4, 3 дана 3D принтер, сенсорлы тақта және қосымша техникаларамен жабдықталған.

Silkway Халықаралық университеті
Фото: Silkway Халықаралық университеті
Бүгінгі таңда SmartHUB-та ақылды жаяу жүргіншілер жолағы (Nur-Com-Tel мекемесімен бірге), Anticovid жобасы, робот құрастыру, 3D модельдеу, Price Control, ақылды күнбағыс, бет-әлпетті тану (видеораспознования), цифрлы Шымкент порталы, ұсыныстар базасы (Шымкент қаласын көркейтуге бағытталған ұсыныстар базасы), ақылды есептегіш Электронды счетчик (заттар интернеті) сынды жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге оқу курстары жүргізіледі:

• Робототехника

• Бағдарламалау

• 3D модельдеу

• Анимация жасау

• Бизнес-тренингтер

Айта кетерлігі, оңтүстік жоғары оқу орындары арасында алғаш рет Silkway Халықаралық университетінде Робот-қызметкер Promobot V.4 сатып алынды.

Ақылды робот университет туралы ақпаратттар беріп, білім алушыларға қызметкердің қатысуынсыз қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, SmartHUB Astana HUB халықаралық IT технопаркінің Шымкент қаласындағы аймақтық ресми өңірлік өкілі болып табылады.

Silkway Халықаралық университеті
Фото: Silkway Халықаралық университеті

2020 жылғы 12 қараша мен 24 желтоқсан аралығында алғаш рет «Accelerator 2020 бағдарламасы» жүргізілді. Бағдарламаның 1 ағымына 39 стартап-жоба қабылданып, 15 стартап-жоба толық бағдарламадан бітіріп шықты. Бағдарламаға 18 сарапшы/трекер қатысты.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Astana HUB халықаралық IT технопаркі қаржыландырды.

Бағдат Батырбекұлы барлық жобалармен мұқият танысып, «Ақылды жаяу жүргіншілер жолағы», «Anticovid жобасы», «Price Control», «Ақылды күнбағыс», «Ақылды есептегіш» т.б. жобаларды жоғары бағалап, ииновациялық жобаларды қаржыландыру конкурстарына және авторлық куәліктер алып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуды ұсынды.

Сонымен бірге, Anticovid жобасын «СКУД» жүйесімен байланыстырса үлкен жұмыс болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902731-bagdat-musin-silkway-universitetindegi-tyn-zobalarmen-tanysty/

pixel