Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр жаңа оқу жылынан бастап балабақшаларда не өзгеретінін айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында жаңа оқу жылынан бастап балабақшалар білім берудің жаңа моделіне көшетінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол Қазақстан президентінің тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі дайындалатынын жеткізді.

Аймағамбетовтың айтуынша, оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін "Ойын арқылы оқыту" қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізілмек. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі және бағдарламалар жаңарады, деді министр.

Сондай-ақ, ваучерлік қаржыландыру тетігі де енгізілмек. Аймағамбетовтың сөзінше, бұл балабақшалардың бәсекелестігін арттырып, білім сапасына оң өзгеріс әкеледі.

Министр бүгінде республикада 3 пен 6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 98,8 пайызға дейін жеткенін атап өтті. Десе де, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 71 пайызды ғана құрап отыр.

"Сол себепті біз енді ерте жастағы, яғни 2 мен 6 жастағы балаларды қамту міндетін басты назарға қойып отырмыз. Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек бүгінде Алматы, Түркістан, Маңғыстау облысы мен Алматы, Шымкент қаласында. Мақсат – 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95 пайызға, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100 пайызға жеткізу", – деді ол.

Бұл үшін жекеменшік балабақшалар желісін одан әрі дамытып, ваучерлік қаржыландыру, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиеші институты енгізілмек.

Осы орайда министр әкімдіктерден мемлекеттік тапсырыс мөлшерін нормативке сай төлеу мәселесін шешуді сұрады. Әйтпесе жаңа орындар ашу мүмкін болмайды, деді Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902880-ministr-zana-oqu-zylynan-bastap-balabaqsalarda-ne-ozgeretinin-aitty/

pixel