Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ педагогтар үшін ҰБТ-дағы шекті балл 75-ке дейін көтерілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Білім және ғылым министрі үкіметтің онлайн отырысында мектептің үздік оқушыларын педагогикалық мамандықтарға қалай тартатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоның педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балды қайта қарағанын хабарлады.

"Педагогтарды даярлау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар күшейтілді. Шекті балл 50-ден 75 балға дейін көтерілді. Сонымен бірге болашақ мұғалімдер үшін шәкіртақы мөлшері 42 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Олар ең жоғары шәкіртақы алады, бұл президенттің жеке тапсырмасы", - дейді министр.

Нәтижесінде педагогикалық мамандықтарды таңдаған "Алтын белгі" иегерлерінің саны екі есеге артқан. Ал талапкерлердің орташа балы 60-тан 90 балға дейін жеткен.

Одан бөлек, 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандықтардың түлектері кәсіби шеберлігін анықтайтын сертификаттаудан өтеді.

Асхат Аймағамбетов осындай шаралардың арқасында білім сапасының жақсаратынына сенімді.

Еске сала кетсек, елімізде гранттағы студенттер енді оқудан кейін 3 жыл мамандығы бойынша қызмет етуі тиіс екенін жазған едік.

Одан бөлек, Асхат Аймағамбетов Қазақстанда колледжге оқуға түскендердің оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

"9-сынып негізінде колледжге түскендер үшін оқу мерзімін үш жарым жылдан екі жылға дейін, 11-сынып негізінде оқуға түскендер үшін екі жарым жылдан бір жарым жылға дейін қысқарту жоспарлануда", – деді министр үкімет отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902899-bolasaq-pedagogtar-usin-ubt-dagy-sekti-ball-75-ke-deiin-koterildi/

pixel