jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалған әйелді жақындары жанұшыра іздеуде (фото)

Бибігүл
Бибігүл. Фото: Ақмола облысының Полиция департаменті

Ақмола облысының тұрғыны Бибігүл Уайысова 11 ақпан күні Бурабай ауылындағы үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Полицейлер мен еріктілер оны іздестіріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.

Сегізінші наурыз күні полицияға 1962 жылғы әйелдің ағасы жүгінген. Ол 11 ақпан күні Бибігүлдің жұмысқа кетіп, сол беті қайтып оралмағанын мәлімдеген.

Содан бері қарындасы қайда жүргенін білмейтін азамат полицейлердің көмегіне жүгінуді ұйғарған.

Ер адамның арызынан кейін тәртіп сақшылары іздеу шараларын ұйымдастырып, оларға көмекке еріктілер мен қоғам белсенділері қосылған.

"Бірлескен күш-жігермен Бурабайдың шеткі аумақтарын, ауылдан құс фабрикасына дейінгі аймақты, сондай-ақ қараусыз қалған кәсіпорынның аймағын тексеріп шықтық", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жоғалған әйелдің туыстарымен, таныстарымен достарымен, көршілерімен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізген.

Полицейлер Бибігүл Уайысованың қайда екендігі туралы кез келген ақпарат бере алатын жандарды 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Еске салсақ, бұған дейін қаңтардың аяғында болған әуе апатынан аман қалған бразилиялық ұшқышты бір айдан астам уақыт ешкім таба алмаса да, ол джунглиді кезіп жүріп, ғажайыптың күшімен аман қалғаны туралы жазған едік.

Ер адам кездейсоқ орманда жүрген адамдарға кезігіп, аман-есен отбасы мүшелерімен қауышқан.

Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалған әйелді жақындары жанұшыра іздеуде (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.