Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тележүргізуші өліп қала жаздады": Тікелей эфир кезінде күтпеген жағдай орын алды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Колумбияда ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордуз бір ажалдан аман қалды Lenta.ru.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, студиядағы тікелей эфир кезінде тережүргізушінің үстіне үлкен декорация құлап кеткен. Абырой болғанда, ол ауыр жарақат алған жоқ.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр.

Кадрлардан келеңсіз жағдайдың қас қағым сәтте болғанын, бұндайды ешкімнің күтпегенін аңғару қиын емес. Жүргізушінің әріптестері есеңгіреп қалған, алайда эфирді үзбей, матчқа қатысты түсініктеме беруін жалғастырды.

Біраз уақыттан кейін жарнамаға кезек берілді, ал көрермендер интернетте Карлос Ордузға не болғанын сұрастыра бастады.

Тележүргізуші болса Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірнеше жазба қалдырып, өзінің денсаулығына алаңдағандардың барлығын тыныштандыруға асықты.

"Кеше болған оқиға туралы маған жазғандардың барлығына жағдайым жақсы екенін хабарлаймын. Құдайға шүкір, медициналық тексеруден кейін дәрігерлер алаңдайтындай ауыр жарақат таппады. Тек мұрнымды көгертіп, ауыртып алдым, еш жерім сынбады", - деді Карлос Ордуз.

Ол өзінің амандығы үшін алаңдағандардың барлығына алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902954-telezurgizusi-olip-qala-zazdady-tikelei-efir-kezinde-kutpegen-zagdai-oryn-aldy/

pixel