Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жалған дипломмен сабақ беріп келген екі әйел ұсталды

Опубликовано:

жооо
Көрнекі фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Ақмола облысындағы колледже екі мұғалімнің жоғары білімді растайтын жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасы.

Жалған дипломмен сабақ беріп жүргендерді оқу орнының басшысы анықтапты.

"Полиция қызметкерлері колледжде педагогикалық қызмет атқару үшін білім бөліміне жоғары білім туралы жалған диплом ұсынған азаматтарды анықтады. Олар облыстағы ауылдардың бірінде тұратын 48 және 49 жастағы тұрғындар", – дейді департамент.

Қазіргі кезде педагогтарға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша іс қозғалды.

Екі әйел де өз кінәсін мойындаған.

Айта кету керек, олар осы құжаттармен 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келген екен.

Еске сала кетсек, өткен жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының прокуратурасы орта мектептің орыс тілі мұғалімінің жалған дипломмен 2 жыл бойы білім беріп келгенін анықтаған еді.

Облыстық прокуратура мәлімдеуінше, 2020 жылдың 15 қазанындағы сот үкімімен аталған адам жалған диплом пайдаланғаны үшін 80 сағатқа сотталып, мемлекетке келтіріліген 1 миллионн теңгеден астам шығынды төлеген.

Сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903074-aqmola-oblysynda-zalgan-diplommen-sabaq-berip-kelgen-eki-aiel-ustaldy/

pixel