Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"16 жастағы қызы да жүкті": Қарағандыда көршілер көпбалалы анаға қатысты шу шығарды

Опубликовано:

Жүкті әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда көршілері көпбалалы ананың азғындық әрекеттері жайлы айтып, арыз түсірді. Бұл жайында Facebook желісіндегі "НеМолчиKz" қорының парақшасында белгілі болды. Аталған мәселеге байланысты қала әкімінің кеңесшісі мен өңір полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда алты бала тәрбиелеп отырған келіншекке қатысты шу шықты. Ол бүгінде жетінші баласына жүкті. Көршілері әйелдің азғындық әрекеттерге баратынын айтып, айыптап отыр. Олар өз арызын "НеМолчи" қорына жолдаған.

Автор келіншектің үйде притон ұйымдастырғанын, жыл сайын әртүрлі азаматтан бала туатынын айтқан. Қазір оның 16 жастағы қызы да жүкті көрінеді.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан соң оқиғаға қатысты Қарағанды әкімінің бала мен жанұя құқығын қорғау мәселесі жөніндегі кеңесшісі Татьяна Савицкая пікір білдірді.

Ол комиссияның қарағандылық келіншектің үйіне кеткенін мәлімдеді. Жанұя расымен де көпбалалы болып шыққан, олар екі әкеден туған. Қазір олардың тұлғасы анықталды. Үлкен үш бала бір азаматтан туған, ол балаларымен жақсы араласады, алимент төлеп, жиналысқа барып тұрады. Анасына қатысты полиция тарапынан шағым жоқ.

"Балалар некеде туған, екі әкеден. Олар мектепте үлгерімді оқушы, анасы барлық жиналысқа қатысады. Балалардың ата-анасына, ата-анасының балаларына шағымы жоқ. Отбасының кірісі көп емес, сондықтан бірнеше нұсқаулық бар. Ал жалпы жанұя жақсы. 16 жастағы үлкен қызы расымен жүкті, бірақ оның сүйіктісі бар, қазір АХАЖ бөліміне өтініш беріп қойған. Анасы да жүкті. Біз бұл жанұяны алдағы уақытта да назарда ұстаймыз", - деді Татьяна Савицкая.

Бұл жайтқа қатысты Қарағанды облысы полиция департаменті де пікір білдірген. Олар желідегі жазбадан соң бірден білім мен ювенальды полиция жүйесінің өкілдерінен құралған жұмыс тобын ұйымдастырған. Олар жанұяның тұратын мекенжайға барған.

"Аталған жанұя үнемі бақылауда болған. Рейд уақытында оларға ювеналды полиция қызметкерлері мен педагогтар барып тұратын. Мектептегілер жанұяға қатысты тек оң пікір білдіріп отыр. Балалар оқып жатыр, киімі бүтін, аяқ киімі түгел. Жұмыс тобы тұрғын үй актісін құрады, суреттері бар. Үй жағдайы қанағаттанарлық, жанұя орташа. Алты баласы бар, анасы жүкті. Үлкен қызы 16 жаста. Наурыз айында 17- ге келеді. Ол да жүкті, баланың әкесімен АХАЖ бөліміне өтініш тастаған",- деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903091-16-zastagy-qyzy-da-zukti-qaragandyda-korsiler-kopbalaly-anaga-qatysty-su-sygardy/

pixel