Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде полицейлердің зейнет жасы ұлғайтылады

Жарияланған күні:

Полиция қызмткері39
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандық полицейлердің зейнет жасы ұлғайтылмақ. Ішкі істер министрінің айтуынша, тәртіп сақшылары енді қырықтан асқанында емес, 55 жас шамасында зейнетке шығады. Бұл ретте ведомство шетелдік тәжірибеге сүйеніп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Зейнет жасын ұлғайтуға байланысты ішкі істер министрлігінде жұмыс тобы құрылған. Бірақ зейнетке шығу лауазымына қарай әртүрлі болмақ.

Мәселен, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастап зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі.

Подполковниктерге 55 жастан, полковниктерге 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр екен.

"Бізде тәжірибесі мол полиция қызметкерлері кезінде зейнетке шыққысы келмеді, бірақ заң бойынша 45-55 жаста жұмыстан шығу керек. Қазір көбісі күзет сияқты жеке фирмаларда жұмыс істейді. Халықаралық мәселе басқаша. Ресейде 65 жастан, Жапония, Корея жақта 63 жастан. Біз қазір сол 63 жасқа келтіріп жатырмыз", - дейді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде үкіметке 3 жылдың ішінде полиция қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ішкі істер саласында еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы төмен. Бұл көптен бері қордаланған мәселелерді бірі.

Сонымен қатар президент полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау негізгі міндеттердің бірі екенін баса айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903152-elimizde-policeilerdin-zeinet-zasy-ulgaitylady/