Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тәулік ішінде қанша адам коронавирустан жазылып шықты

Опубликовано:

Коронавирус кезіндегі тұрғындар
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус дертін жұқтырғандар саны тәулік ішінде мыңнан асса, дерттен жазылып шыққандардың саны мыңға жетпейді. Дерттің таралуы бойынша ресми деректерді Coronavirus2020.kz Telegram-каналы жария етті.

Қазақстанда өткен тәулікте 595 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 134

Алматы қаласы - 186

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 57

Алматы облысы - 19

Атырау облысы - 11

Шығыс Қазақстан облысы - 21

Батыс Қазақстан облысы - 27

Қарағанды облысы - 51

Қостанай облысы - 30

Қызылорда облысы - 6

Маңғыстау облысы - 6

Павлодар облысы - 32

Солтүстік Қазақстан облысы - 11

Түркістан облысы - 2

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 206149.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде COVID-19-ды жұқтырғандар күн санап артып жатқанын жазған едік. Өткен тәулікте 1049 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы бойынша 2021 жылдың 13 наурызындағы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланғанын хабарлаған едік. Оған сәйкес Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткен еді.

Одан бөлек, Қазақстанда COVID-19 келгеніне тура бір жыл толғанын жазған болатынбыз. 2020 жылдың 13 наурызында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі дерегі анықталған болатын. КВИ жұқтырған алғашқы науқастар Алматы қаласынан анықталды. Олар Германиядан жақында ғана елге оралған азаматтар болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903224-elimizde-taulik-isinde-qansa-adam-koronavirustan-zazylyp-syqty/

pixel