Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов: Жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өте төмен

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет оқытушыларының жалақысы өте төмен екенін мәлімдеп, оны ұлғайту қажет екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, 2019 жылы білім министрлігіне қарасты университеттер педагогтарының жалақысын 20%-ға көтерді. Ал былтыр тағы 20%-ға өсірді.

"Бұл жұмысты әлі де жалғастыруымыз қажет. Өйткені, шын мәнінде, бүгінгі күні жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өте төмен. Мектептермен, колледждермен салыстырсақ, бәсекеге қабілетті емес. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру барлық ректордың алдында тұрған басты міндеттердің бірі екені белгілі", - деді Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Еске сала кетсек, елімізде гранттағы студенттер енді оқудан кейін 3 жыл мамандығы бойынша қызмет етуі тиіс екенін жазған едік.

Сонымен бірге, Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоның педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балды 50-ден 75-ке дейін көтеруді қайта қарағанын хабарлады.

Одан бөлек, Асхат Аймағамбетов Қазақстанда колледжге оқуға түскендердің оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

"9-сынып негізінде колледжге түскендер үшін оқу мерзімін үш жарым жылдан екі жылға дейін, 11-сынып негізінде оқуға түскендер үшін екі жарым жылдан бір жарым жылға дейін қысқарту жоспарлануда", – деді министр үкімет отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903359-aimagambetov-zogary-oqu-oryndary-pedagogtarynyn-zalaqysy-ote-tomen/

pixel