RU

Өзбекстанмен шекарадағы газ құбырына қауіп төніп тұр

өзбекстан газ
Фото: NUR.KZ

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының газ магистральдарындағы ескірген жабдықты жедел ауыстырған кезде ғана төтенше жағдайдың алдын алуға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ескірген инфрақұрылым мен ескі газ құбырлары тұтынушыларды газсыз қалдырып қана қоймай, олардың өміріне де қауіп төндіріп тұр. Осындай стратегиялық нысандардың бірі - Өзбекстанмен шекарада орналасқан кеден бекеті.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Майский" бақылау-өткізу бекетінде адам көп жүретін, екі елді байланыстыратын негізгі өткелдердің бірі. Соған қарамай ол нысан магистральдық газ құбыры аймағында орналасқан. 700 мм жоғары қысымды газ құбырының үстімен ауыр жүк көліктері де ағылып жатыр. Мамандардың сөзінше, мұндай нысандардың санитарлық-қорғаныш аймағы 300 метрден кем болмауы керек. Мамандар, ендігі жерде нысанды айналып өтетін құбыр салмай мәселе шешілмейді деп отыр.

өзбекстан газ
Фото: NUR.KZ

Ал тағы бір нысан - Полторацкое жерасты газ қоймасында екі компрессорлық станцияның тозығы шыққаны сондай – оның бөлшектерін қайдан аларымызды білмейміз, ол технологиялар баяғыда өндірістен шыққан дейді мамандар. Нысан өткен ғасырдың 60 жылдары салынғандықтан, оның техникалық жағдайы апатты болып отыр. Газ шаруашылығы елді мекендерге жақын орналасқан, демек бұл халыққа қауіпті нысанның бірі.

Магистральдық құбырларды күтіп ұстау үшін кемінде 5 жылда бір рет магистральдық газ құбырларында құбырішілік дефектоскопия немесе профилактикалық тексеру жүргізу керек. Бұл қымбат процедура техникалық жағдайды анықтауға және анықталған ақауларды жедел жоюға мүмкіндік береді.

өзбекстан газ
Фото: NUR.KZ

"Мәселе мынада: бұл қымбат процесс болғандықтан жүргізілген диагностика нәтижелері бойынша одан да қымбат күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Әдетте, ұзақ қызмет еткен магистральдарда диагностика құбыр металының көптеген ақауын анықтайды, оларды кезең-кезеңімен жоймай, қауіп-қатерсіз пайдалану мүмкін емес", - дейді "Шымкент" газ құбырлары басқармасы директорының орынбасары Абай Байқұлов.

Абай Байқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта газ құбырындағы АГРС-4 автоматты газ тарату станциясы шектен тыс жүктемемен істеп тұр.

"Мұндай жүктемелер станцияның түйіндері мен агрегаттарын тоздырады. Қазір мұз қатуға байланысты мәселе туындап отыр. Себебі кеңестік кезеңдегі ескі құрылыс технологияларымен салынған", - деп түсіндірді Абай Байқұлов.

өзбекстан газ
Фото: NUR.KZ

Сала ардагері Полат Құнанбаевтың айтуынша, 2000 жылы сол кезде құрылған ҚазТрансГаз компаниясы жергілікті газ объектілерін басқаруға алғанда газ желілері мен жабдықтарының тозығы жетіп тұрған. Оған қыруар қаржы салынып, қаланың ішкі газ тарату желілері модернизацияланды.

"Ескірген жабдықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету қиын. Магистральдық және тарату желілерінің тозуы, сондай-ақ табиғи газды тұтынудың артуы апатты жағдайға әкелуі мүмкін. Мәселе тек газ құбырлары мен онда орналасқан жабдықтарды толық жаңарту арқылы ғана шешіледі деп ойлаймын", - дейді Полат Құнанбаев.

өзбекстан газ
Фото: NUR.KZ

Бүгінгі тірлік – тек косметикалық жөндеуден аспай тұр екен. Ауқымды диагностикасыз және күрделі жөндеусіз барлық инфрақұрылым көп ұзамай жұмысын тоқтататыны көрініп тұр.

Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, тек оңтүстік бағыттар, соның ішінде Тараз бен Алматы ғана емес, сонымен бірге республиканың өзге газдандырылған аймақтарына табиғи газ жеткізілмей қалуы бек мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903625-ozbekstanmen-sekaradagy-gaz-qubyryna-qauip-tonip-tur/