Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, жел, көктайғақ: 17 наурыз ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: altaynews.kz

Синоптиктер 17 наурызда ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді. Маңғыстау облысында жел қарқыны кей жерлерде 23-28 м/с дейін. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады, жел екпіні - 15-20 м/с.

Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Жаяу бұрқасын көтеріледі. Атырау, күндіз Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903643-tuman-zel-koktaigaq-17-nauryz-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel