Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмабектің бажасымын": Полицейдің есімі желіде әзілге айналды (видео)

Жарияланған күні:

Бажа
Видеодан кадр: Әлеуметтік желі

Қазақстандықтар Түркістан облысының полицейі Жұмабек Төлегеннің есімін әзілге айналдырды. Бұл жолда жүру ережесін бұзғаны үшін тәртіп сақшылары тоқтатқан азаматтың "Жұмабектің бажасымын" деген сөзінен кейін болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысы жайлы түрлі әзілдер тараған. Мәселен, жүргізушілердің бірі көлігінің артына "Жұмабектің бажасымын" деп жазып қойған.

Ал екіншісі қармен "Жұмабек" деп жазған. Ол осылайша тәртіп сақшыларынан қорғануды көздеген сыңайлы.

Түркістан облысында болған оқиғаны көрсететін анимациялық ролик те пайда болды. Кадрда "Жұмабектің бажасымын" деген жазуы бар ақ Lada Priora патрульді көлік жанына тоқтап, артынша қарама-қарсы жолақпен зулай кетеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болған еді.

Көлікте кетіп бара жатқандар қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғанын камераға түсірген. Полицейлер тоқтатқан кезде көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларына Жұмабекке хабарласу керектігін айтып, ары қарай кете берген.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп, көлік жүргізушісінің кім екенін анықтаған. Ол Lada Priora көлігін тізгіндеген Шымкент тумасы болып шыққан.

Ер адамға қатысты жол ережесін бұзу және полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту талабын орындаудан жалтару бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушіні жібере салған Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

Сондай-ақ ведомство Жұмабек есімді азаматтың құзырлы органда істейтінін мәлім еткен болатын. Бүгінде ол атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903719-zumabektin-bazasymyn-policeidin-esimi-zelide-azilge-ainaldy-video/