Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі нәтиже жоқ": Президент "Алтын Орда" базары маңындағы жол айрығының құрылысын сынға алды

Опубликовано:

Алтын орда11
Фото: almaty.tv

Мемлекет басшысы Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Орда" базары жанындағы жол айрығының құрылысын сынға алды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Бұл – әсіресе, қала іргесіндегі елді мекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. "Алматы – Бішкек" тас жолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс болатын. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Асқар Ұзақбайұлы, Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, "Райымбек – Алматы" учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын", – деді мемлекет басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беруі кезінде тұрғын шенеуніктен қаланың шыға берісіндегі, яғни "Алтын Орда" базары маңында салынып жатқан жол айырықтың құрылысы қашан аяқталатынын сұраған болатын.

Жол айырықтағы проблеманы көтерген тұрғынның айтуынша, өмірінің көп бөлігі жол бойындағы кептелісте тұрумен өтіп жатыр. Бақытжан Сағынтаев бұл жол айырығы Алматы қаласына қарамайтынын айта келе, осы мәселенің тезірек шешілуіне өзі де ниетті екенін жеткізген еді.

"Алтын Орда базарының айналма жолы барлығымызды шаршатты. Қалаға келгелі "Алтын Орданың" жолы қашан шешіледі деген мәселені естіп келе жатырмын.

...Өкінішке қарай, "Алтын Орда" базары қалаға жатпайды. Ол Алматы облысының жері. Мен де сол жолдың шешілуін күтіп жүрмін. Оның жұмысы министрліктің құзыретінде", – деген болатын қала әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903832-ali-natize-zoq-prezident-altyn-orda-bazary-zanyndagy-zol-airygynyn-qurylysyn-synga-aldy/

pixel