Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елге шетелден ұшып келген қазақстандықтар үшін ПТР тест ақылы болуы мүмкін

Опубликовано:

ПТР тест285
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Енді елге шетелден ұшып келген қазақстандықтар ПТР тесттен ақылы түрде өтуі мүмкін. Оны жолдама құнына қосу ұсынылуда. Мұндай ақпаратпен денаулық сақтау министрлігі бөлісті деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Тестті ақылы ету мәселесі талқылауға шығарылған.

Бұл шараның енгізілуіне кейбір қазақстандықтардың салғырттығы себеп болып отырғаны хабарланды.

Көптеген турист елге ораларда ПТР-тест жасамайды. Олар осылайша өзге жолаушыларға қауіп төндіретіні атап өтілді.

Сонымен қатар бюджеттен ақша кетіп жатқанына да назар аударылды. Қазақстанда анықтамасыз келгендерге тест мемлекет есебінен жүргізіледі. Оның құны бір адамға 8000 теңгені құрайды.

Динара Елбаева пандемия кезінде Мальдив аралында демалған. Үйіне оралмас бұрын ол өз қаражатына коронавирусқа тест тапсыруды ұйғарған. Айтуынша, ол мұны өзінің және басқалардың қауіпсіздігі үшін жасаған.

"Қайтып келу үшін тест жасауымызға тура келді. Оны қонақ үйде ұшуға 72 сағат қалғанда жасаттық. Қабылдады. ПТР тесттің құны 100 доллар, шамамен 42 мың теңге болды, айырмашылық айқын байқалады", - дейді ол.

Шенеуніктер бұл ережелерді қазақстандық туристер жиі елемейтінін айтуда. Тек өткен тәулік ішінде Қазақстанға 3500-ден астам жолаушы келген. Олардың 211-інде коронавирус жайлы анықтама болмаған.

Шетелде ПТР тесттен өту арзан емес. Өзге елге туристік маршруттар ашылғалы бері 95 мың қазақстандық демалып үлгерген. Көбінесе отандастарымыз БАӘ мен Мысырға ұшып жатады. Кейбір елдерде ПТР тест тегін жасалады.

Алты ай ішінде ел бюджетінен ПТР анықтамасыз келгендерге 360 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалып, тамақтану мен қонақ үйге де бірталай шығын кеткен. Нәтижесінде жұмсалған сома айтарлықтай болып отыр. Шенеуніктер бұл жағдайдан шығудың амалын іздеп жатыр.

"Қазіргі уақытта мәдениет және спорт, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен және "Атамекен" ҰКП-мен бірге елге кіру үшін ПТР зерттеулерін туристік жолдамалардың құнына қосу мәселесі пысықталуда", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.

Жаңа ережелер қашан енгізілетіні әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903883-elge-setelden-usyp-kelgen-qazaqstandyqtar-usin-ptr-test-aqyly-boluy-mumkin/

pixel