Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Әубәкіровтің Торғай даласында заңсыз аң аулағаны рас па

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Youtube.com / Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Белгілі кәсіпкер Батыр Сейкенов әлеуметтік желідегі парақшасында Тоқтар Әубәкіровтің Торғай даласында заңсыз аң аулап жүргенін мәлімдеді. Бұны көрген оқырмандар жікке бөлініп, жазбаны қызу талқылап жатыр. Ал ғарышкердің өзі Торғай жаққа барғанын жасырмады. Алайда "аң атпақ түгілі қолыма мылтық алғаным жоқ" деп отыр. Бұл туралы Астана телеарнасы тарқатып хабарлады.

Кәсіпкердің Facebook-тегі жазбасына жүгінсек әуелі қостанайлық шенеунік хабарласқан. Тұңғыш ғарышкер, кәсіпкердің аумағында аң аулағысы келетінін жеткізген. Алайда Батыр Сейкенов бұған келісім бермеген көрінеді. Ол бұған дейін де шенді-шекпенділер мен бай-бағландарға рұқсат етпегенін жазыпты.

"Менің "жоқ, аң ауламайды" деген жауабым қостанайлық шенеунікті тығырыққа тіреді. Әрі қарай, мен оған көктемгі дейінгі аң аулау маусымының 15-ақпанда аяқталғанын және популяцияны қалпына келтіру үшін қасқыр аулауды 2 жылға тоқтатқанымды түсіндірдім. Наурыз айында қасқыр қаншығының буаз екенін, сонымен қатар  киіктер мен еліктердің де төлдейтін уақыты таяғанын айттым", - деді Батыр Сейкенов.

Кәсіпкердің айтуынша, Кеңес одағының батыры "Алтын дала" резерватының аумағына ат басын тіреп, аң аулаған. Ал резерват басшылығы бұл күндері ешкімді көрмедік, деп ақталды.

"Мен өзім көрген жоқпын ешкімді де. Тоқтар Әубәкіровті де ешкімді көрген жоқпын. Мен неге өтірік айтуым керек. Көрген жоқпын бір-ақ ауыз сөз. Бізге территорияға ешкімге кіруге болмайды. Рұқсат жоқ. Мен содан басқа ештеңе айтпаймын", - деді "Алтын дала" резерваты директорының міндетін атқарушы Дүйсеғали Айтбаев.

Ал бұл оқиғаға қатысты Тоқтар Әубәкіровтің өзі де пікір білдіруді ұмытқан жоқ.

"Мен барғамын. Әкімде біледі. Бәрі де біледі. Мен қолыма мылтық та алғам жоқпын. Кіріп өткенмін аумақтан ары қарай. Ойлаған ғой өзі соның аумағына кірді деп. Содан кейін енді не істеу керек? Көтеру керек бар мәселені. Көтеріп бәрін айқай-шу жасаған. Өз обалы өзіне не істесе сол ақымақтың несі ғой. Мен оған мән бергім келмейді", - деді тұңғыш ғарышкер.

Осы орайда Тоқтар Әубәкіров Батыр Сейкеновті  жақсы білетінін, тіпті кезінде оған қолдау көрсетіп, қолтығынан демегенін жеткізді.

Автор: З. Санай

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904068-toqtar-aubakirovtin-torgai-dalasynda-zansyz-an-aulagany-ras-pa/

pixel