Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық ғалым Түркістан жайлы сенсациялық мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Түркістан
Фото: turantv.kz

Тарихшы, археолог, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының (ҰҒА) академигі Бауыржан Байтанаев Түркістанның қазіргі есептеулерге қарағанда әлдеқайда көне қала екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Байтанаевтың айтуынша, стратиграфиялық жұмыстар барысында табылған артефактілер зерттелген соң Түркістанға 3000 жыл толғаны анықталған.

"Түркістан ежелден түркілердің орталығы болған. Артефактілерді тапқаннан кейін бұл ақпарат расталды. Түркістанға 3000 жыл толған",- деді ғалым.
Ғалым
Фото: NUR.KZ

Бұл ақпаратқа қатысты рухани астананың әкімі Рашид Аюпов пікір білдірді. Ол бұл мәліметтер табылған артефактілер негізінде расталғанын, ресми құжат алынғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде Түркістанның жасы туралы мәселе жиі талқыға түседі. Кей желі қолданушылар қаланың 1,5 мың жылға жуық тарихы бар деп болжайды. Ал екіншілері одан көп деп есептейді.

Айта кетейік, 2021 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Стамбулға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады.

Түркістан және Стамбулға қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рейспен, жұма және жексенбі күндері А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейіннен рейстер саны аптасына 7-ге дейін (күн сайын) көбейеді. Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Түркістан – Стамбул алғашқы рейсіне 176 билет сатылды (98%). Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласы әуежайынан 80-нен астам рейс орындалып, 23 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904340-otandyq-galym-turkistan-zaily-sensaciyalyq-malimdeme-zasady/

pixel