Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыстан шығып оралмады: Алматыда 19 жастағы ару іздестірілуде

Опубликовано:

Аяжан Еділова111
Фото: Алматы телеарнасы

Алматыда 19 жастағы бойжеткенге іздеу салынды. Аяжан Еділовадан үш күннен бері хабар жоқ деп жазады Almaty.tv.

Аяжанның жоғалғаны туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болған.

Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесінде орналасқан жұмысынан шығып, үйіне оралмаған. Бақылау камерасына да соңғы рет сол кезде түсіп қалған.

"Ол қара куртка, қара түсті кең джинсы, қара берет киген, қызғылт түсті сөмке ұстаған", - дейді туыстары.⠀

Аружанның жақындары тұрғындардан ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, табуға көмектесуін сұрайды.

Егер ол туралы қандай да бір ақпарат болса +7471444110 (Алтынай) байланыс нөміріне хабарласуын өтінді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам екі күннен кейін құдықтың ішінен табылған еді.

Белгілі болғандай 16 наурыз күні Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 1980 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оның екі күн бұрын мал іздеуге кетіп, сол күйі оралмағаны айтылған.

11 құтқарушы, бір полиция қызметкері мен үш туысы ауыл тұрғынын іздеуге шыққан. Кейін ол жоғалған жері Көккөз ауылынан екі шақырым жерден табылған.

Анықталғандай малшы тереңдігі 3 метр болатын құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904346-zumystan-sygyp-oralmady-almatyda-19-zastagy-aru-izdestirilip-zatyr/

pixel