RU

Алматыда үш күн бұрын жоғалып кеткен бойжеткен өлі күйінде табылды

Қылмыс орны74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 наурыз күні полицияға Аяжанның әпкесі оның жоғалып кеткенін айтып, жүгінген.

Жедел-іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары жоғалар күні бойжеткеннің жаңа танысымен кездеспек болғанын анықтаған.

Олардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны белгілі болды.

Болжам бойынша, Аяжан жаңа танысының қылмыстық әрекетінің құрбаны болған.

Қылмысты жасады деген күдікпен 1993 жылғы Түрікстан облысының тұрғыны ұсталған.

"Тергеу амалдары жүргізілуде, соның ішінде қылмыстың себебі және қалай жасалғаны анықталуда", - дейді қылмыстық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аяжанның жоғалып кеткені туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болған еді.

Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесінде орналасқан жұмысынан шығып, үйіне оралмаған.

Бақылау камерасына да соңғы рет сол кезде түсіп қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам екі күннен кейін құдықтың ішінен табылған еді.

Анықталғандай малшы тереңдігі 3 метр болатын құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмаған.

Оны 11 құтқарушы, бір полиция қызметкері мен үш туысы іздеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904378-almatyda-eki-kun-buryn-zogalyp-ketken-boizetken-oli-kuiinde-tabyldy/