Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Опубликовано:

тұман
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 24 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың мәліметінше, 24 наурыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болмақ. Түнде солтүстікте қатты қар жауады деп күтілуде. Еліміздің жекелеген аумағында тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады. Оңтүстікте найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал.

  • Павлодар облысында желдің күші түнде 23-28 м/с жетеді деп болжануда. Өңірдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
  • Атырау облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Тіпті екпіні 23 м/с жетеді деп болжануда.
  • Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
  • Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аймақтарында тұман, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықпен жел болады.
  • Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
  • Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Сондай-ақ шаңды дауыл тұрады.
  • Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда облысында найзағай болады.
  • Алматы, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейуі мүмкін. Жамбыл облысында тұман күтіледі, дейді синоптиктер.
  • Қостанай облысының аумағында тұман болжанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904451-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikterdin-bolzamy/