Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте айлық нормадан көп қар жауды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда қар жауды
Көрнекі фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 23 наурызда елордада 26 мм-ден астам қар жауды, бұл айлық нормадан 8 мм-ге көп деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Өткен тәулікте коммуналдық қызметтер Нұр-Сұлтаннан 83 мың текше метр қар шығарды. 23 наурыздан 24-іне қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және басқа да қоғамдық жерлерді тазалауға 1 200-ге жуық арнайы техника мен 200-ге жуық жұмысшы тартылды", - делінген ақпаратта.

24 наурызда қар күреу жұмыстарына 1 500-ден астам арнайы техника мен 1 800-ге жуық жұмысшы шықты.

Айта кетейік, қалада қар күреу жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр, яғни кешке және түнде тазартылады.

Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлардан қар күреледі.

Жиналған қар елорданың 11 полигонына шығарылады. Полигондарда бақылау үшін бейнекамералар орнатылған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшақтардың ұшып-қонуы қайта жанданды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов жеткізді.

Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта бастаған.

"Ұшу-қону жолағы ашылды, дегенмен сегіз рейс уақытша тоқтатылған. Ақпаратты алдын ала колл-орталықтардан, әуежайдың анықтама орталығынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады", - деді Анвар Шалекенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904502-nur-sultanda-bir-taulikte-ailyq-normadan-kop-qar-zaudy/