Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір пәтердің құнымен бірдей киіз үй сатып алған шенеуніктер желіде күлкіге қалды

Опубликовано:

Карикатура
Фото: instagram.com/mukhtar_saparov

Семейлік суретші әрі карикатурашы Мұхтар Сапаров әзіл арқылы өз қаласының мәселелерін көтеріп жүр. Ол бір пәтердің құнымен тең келетін киіз үй сатып алған шенеуніктерді, лық толы автобустар мен су басқан жолдарды назардан тыс қалдырмаған.

Семей тұрғыны карикатуралары арқылы қордаланған мәселелерді көтереді. Біреулер оның шығармашылығына тәнті болса, енді бірі суретшіні шектен шығып кетеді деп есептейді деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Мәселен, ол шенеуніктер сатып алған 64 млн теңгенің киіз үйлерін, жол мен қоғамдық көлік мәселелерін назардан тыс қалдырмаған.

Карикатура
Фото: instagram.com/mukhtar_saparov

"Сын үнемі айтылады. Бұл одан сайын шабыттандырып, сенің қателіктеріңді көрсетеді. Бейтарап аймақты ұстануға тырысамын", - дейді Мұхтар Сапаров.

Суретшінің сөзінше, ол әрқашан және кез келген жерде, автобус аялдамасы немесе жағалауда болса да сурет сала береді. Айтуынша, оны қалаға деген махаббаты шабыттандырады.

Карикатура
Фото: instagram.com/mukhtar_saparov

Сонымен бірге Мұхтар Сапаров тіпті кофеге арналған қағаз стақанға да сурет салады. Өз өнерін бағалайтындар қаласын жете тануы үшін ол шығармаларында тарихи тақырыптарды көрсете бастаған.

Карикатурашыны кәсіби суретшілер құрметтеп, бағалайды. Мұхтар жұмыстан бос уақытын музыкаға арнайды екен. Бұған дейін ол әскери оркестрде кларнетте ойнаған.

Карикатура
Фото: instagram.com/mukhtar_saparov

Мұхтар Сапаровтың коллекциясында 2 мыңнан астам сурет бар. Ол Семейдің барлық мәселесі шешілген кезде ғана карикатура салуын тоқтататынын айтады.

Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі семейлік шенеуніктердің 64 млн теңгеге жуық ақшаға 12 киіз үй сатып алғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904673-bir-paterdin-qunymen-birdei-kiiz-ui-satyp-algan-seneunikter-zelide-kulkige-qaldy/

pixel