Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"48 жастағы әйел ұйымдастырған": Таразда жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды

Опубликовано:

Қыздың аяғы
Көрнекі фото: pixabay.com

Тараз қаласының полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

"Стоп-Трафик" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 48 жастағы әйел қолға түскен.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ұсталған азаматша кінәсін мойындаған.

Профилактикалық есепке "сутенер" санаты бойынша екі адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін бес әйел қойылған. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топпен бірге сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерген болатын.

Нәтижесінде жеңіл жүрісті 30 азаматша ұсталған. Олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмаған.

Оған қоса, Жаңаөзенде тәнін саудалаған жезөкшелер анықталған еді. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау барысында моншалардың бірінен 10-ға жуық жеңіл жүрісті қыздарды анықтаған.

Полицияның мәліметінше, олардың көбісі Тараз, Шымкент қаласынан келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904869-tarazdy-zezokselikpen-ainalysuga-arnalgan-priton-anyqtaldy/

pixel