Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трактормен күніне 10 гектар жер жыртатын жетісайлық қыз жайлы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Тракторшы
Фото: Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм елді мекенінің тұрғыны Арай Асылбекқызы жастайынан трактор жүргізеді. Ол 11 жасынан бастап ауыр техниканы тізгіндеп үйренген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Бүгінде Арай трактордың көмегімен ауылдастарының егістік жерлерін жыртып, табыс та тауып жүр.

Тракторшы
Фото: Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

"Кішкентай күнімнен жеңіл көлікке қарағанда, осы техникаға деген қызығушылығым арта түсті. Осындай ерекшелігімді байқаған әкем мен ағаларым бетімнен қақпай, керісінше трактордың қыр-сырларын үйретті. Сол үшін оларға шексіз алғысымды айтамын. Міне, соның арқасында күніне 10 гектарға дейін егістік жерді жыртып, диқандарға көмегім тиіп келеді. Күнделікті ісім осы болған соң трактордың аз-кем техникалық ақаулықтарын жөндеуді де үйреніп алдым", – дейді Арай.

Тракторшы
Фото: Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 1 курс студентін ауыл арасында "тракторшы қыз" деп те атайды.

Оның білім алып жүрген негізгі мамандығы - тіс дәрігері.

Тракторшы
Фото: Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысының Қызылжар ауылында әлі күнге құрақ көрпе тігіп, қымыз ашытатын 111 жастағы Түймекүл әжей жайлы жазған едік. Қария кейде тіпті сиыр да өзі сауады.

Қарт ананың есту қабілеті аздап жоғалғанмен көзі жақсы көреді. Инеге жіпті өзі сабақтап, іс тігеді. Немерелерінің айтуынша, барлық көйлегін өз қолымен тігеді.

Ал әжей үнемі қозғалыста жүру денсаулыққа пайдалы деп біледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904883-traktormen-kunine-10-gektar-zer-zyrtatyn-zetisailyq-qyz-zaily-ne-bilemiz-foto/

pixel