RU

Маңғыстауда екі күн ішінде 45 жезөкше ұсталды (видео)

жезөкшелер
Видеодан кадр: Lada.kz

Маңғыстау облысында "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күннің ішінде 45 жезөкше ұсталған. Жеңіл жүрісті қыздар есепке қойылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Lada.kz.

Іс-шара 24-26 наурыз аралығында өткізілген. Осы уақыт ішінде құқық қорғаушылар моншалар мен жалдамалы пәтерлерді тексерген.

"Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша (ҚР ҚК 309 бап) 5 факті және кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша (ҚР ҚК 134-1 бап) бір дерек анықталды", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары 31 адамды қоғамдық орындардағы қудалау үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 449 бабы бойынша жауапқа тартқан. Сондай-ақ жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін ғимарат берген 3 адам Әкімшілік кодекстің 450 бабы бойынша жазаланған.

Құжаттары жоқ төрт Өзбекстан азаматшасы уақытша қабылдау орнына орналастырылған.

Жалпы алғанда 45 жезөкше мен 2 сутенер есепке қойылған.

Еске сала кетсек, Тараз қаласының полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтаған еді.

"Стоп-Трафик" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 48 жастағы әйел қолға түскен.

Сонымен бірге, Жаңаөзенде полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау барысында моншалардың бірінен 10-ға жуық жеңіл жүрісті қызды анықтаған.

Полицияның мәліметінше, олардың көбісі Тараз, Шымкент қаласынан келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905089-mangystauda-eki-kun-isinde-45-zezokse-ustaldy-video/