Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Татарстанда тұрғын үйде газ жарылып, бірнеше пәтер қирап қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: РИА Новости

Татарстанның Зеленодольск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, бірнеше пәтер қираған. Сонымен қатар оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, тағы бірі қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости Татарстанның денсаулық сақтау ведомствосына сілтеме жасап.

"Бір адам оқиға орнында көз жұмды, зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Бір әйелдің жағдайы ауыр, қалғандарынікі орташа өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бір тұрғынға оқиға орнында көмек көрсетілді", – дейді ведомство өкілі.

Оның айтуынша, зардап шеккендер арасында балалар жоқ.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, "Ленин көшесі, 39А тоғызқабатты кірпіштен салынған көппәтерлі үйден шыққан жарылыс (алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасы) туралы" хабарлама Мәскеу уақытымен сағат 20:44-те түскен.

Өрт шықпаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жетінші қабаттағы алты пәтер және сегізінші қабаттағы бір пәтер қираған.

Ресейдің тергеу комитетінің Татарстандағы тергеу департаменті тұрмыстық газдан шыққан ақауды төтенше жағдайдың негізгі нұсқасы деп санайды. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске салсақ, елімізде осыған ұқсас жағдай орын алған еді. Қызылорда облысында жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам көз жұмған болатын. Тілсіз жау 144 шаршы метр жерді қамтыған.

Оған қоса, Шымкентте жер үйде газ жарылып, бір отбасы далада қалған еді. Жарылыс болған кезде үйде 6 адам болған.

Олардың үшеуі зардап шеккен яғни отағасы, әйелі мен 19 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905279-tatarstanda-turgyn-uide-gaz-zarylyp-birnese-pater-qirap-qaldy-foto-video/

pixel