Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоз-тозы шыққан мектепке балаларын жіберуге қорыққан Алматы облысының тұрғындары жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

Көлтабан негізгі орта мектебі
Фото: Facebook/Талдыкорганец парақшасы

Алматы облысы Көлтабан ауылының тұрғындары мектеп ғимаратының апатты жағдайда тұрғанын айтып, дабыл қақты. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті билік өкілдері ауылдық білім ошағына биылдан қалдырмай жаңа ғимарат салып беруге уәде берген. Алайда құрылыс кейінге қалған. Осы орайда халық не себепті құрылыс жұмыстарының 2023 жылға шегерілгенін білгісі келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сау тамтығы қалмаған ескі мектептің суреттері Талдыкорганец парақшасында пайда болды.

Апатты жағдайдағы мектептің ағаш едені шіруге айналған.

Көлтабан негізгі орта мектебі
Фото: Facebook/Талдыкорганец парақшасы

Ал төбесінің сылағы жаңбыр суынан ойылып түсіп жатыр.

Көлтабан мектебі төбесі
Фото: Facebook/Талдыкорганец парақшасы

Ауыл тұрғыны 2023 жылы жаңа мектеп салынғанға дейін ескі ғимарат оқушыларды басып қала ма деп қорқатынын жеткізді.

"Ақсу ауданы Көлтабан негізгі орта мектебі қазіргі уақытта осындай жағдайда. Биыл яғни 2021 жылы жаңа мектеп салып береміз деп уәде етілген болатын, бірақ 2023 жылға шегеріліпті . Не себепті екені белгісіз. 2023 жылы жаңа мектеп салынғанға дейін бұл мектеп балаларымызды басып қалама деп қорқамыз", - делінген фотосуреттермен бірге жарияланған жазбада.

Көлтабан мектебі
Фото: Facebook/Талдыкорганец парақшасы

KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы білім басқармасына мектеп құрылысын неге кейінге шегергені жайлы сауалмен жүгінді.

Жергілікті билік өкілдері ауылға жаңа мектеп салу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабардар етті.

"Ақсу ауданы Көлтабан аулындағы Көлтабан негізгі орта мектебі 1978 жылы 120 орынға бейімделіп салынған. Қазіргі кезде 77 оқушы білім алуда.

Бүгінгі таңда жаңадан 120 орынға, 25 орындықты шағын орталығымен жаңа құрылыс нысанын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, "Капремпроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалық-сметалық құжат дайындады. Жоба ведомствадан тыс сараптамаға былтыр қазан айында берілді. Сараптама қорытындысының дайын болу уақыты 2021 жылдың бірінші жартысы, қорытынды дайын болғаннан кейін, 2022 жылы жаңа нысан салуға бюджеттен қаражат сұралады.

Қаражат бөлінген жағдайда 2023 жылы жаңа мектеп ғимаратын салу жұмыстары жүргізіледі", - дейді аудан әкімдігінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905508-toz-tozy-syqqan-mektepke-balalaryn-ziberuge-qoryqqan-almaty-oblysynyn-turgyndary-zanaiqaiyn-zetkizdi-foto/

pixel