Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа рекорд: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1873-ке жетті

Опубликовано:

бетперде17
Фото:: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. ДСМ ұсынған мәліметке сәйкес, өткен тәулікте 1873 адамнан коронавирус анқталған. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан деп хабарлайды Coronavirus020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 512

Алматы қаласы - 515

Шымкент қаласы - 51

Ақмола облысы - 48

Ақтөбе облысы - 86

Алматы облысы - 220

Атырау облысы - 75

Шығыс Қазақстан облысы - 34

Жамбыл облысы - 26

Батыс Қазақстан облысы - 98

Қарағанды облысы - 95

Қостанай облысы - 37

Қызылорда облысы - 15

Маңғыстау облысы - 19

Павлодар облысы - 17

Солтүстік Қазақстан облысы - 17

Түркістан облысы - 8.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 246 854-ке жетіп отыр.

Еске сала кетсек, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты тоқтатудың басты жолы – азаматтарды вакцинамен жаппай қамтамасыз ету екенін айтқан еді.

Сонымен бірге білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazСovid-in вакцинасы антиденені қалай қалыптастыратынын түсіндірген болатын.

Оның сөзінше, QazСovid-in вакцинасының толыққанды көрсеткіштері вакцина еккеннен кейін 42 күнде белгілі болады.

Одан бөлек, денсаулық сатау министрі Алексей Цой отандық вакцинаның дайын болуын күтіп отырғанын айтқан еді.

Министрдің сөзінше, елімізде ресми қолдануға рұқсат етілген кез келген қазақстандық, ресейлік вакцина тексеруден өткен, қауіпсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905676-deni-elorda-men-almatydan-otken-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-kurt-osti/

pixel