Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық вакцина салдырған ағзада антидене қашан қалыптасады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazСovid-in вакцинасы антиденені қалай қалыптастыратынын түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, QazСovid-in вакцинасының толыққанды көрсеткіштері вакцина еккеннен кейін 42 күнде белгілі болады.

"Антиденелер вакцина салдырғаннан кейін 14 күннен кейін қалыптасады. Жалпы вакцина екі рет егіледі. Яғни ревакцинация жиырма бірінші күні жасалады. Сонымен 42 күнде ең толық көрсеткішті анықтай аламыз. Көрсеткіштер өте жоғары. Ауруды нейтралдандыратын антиденелер мен гуммаралды жасушалық иммунитет көрсеткіштері бойынша дүниежүзінде шығарып жатқан вакциналардың бірқатарынан да жоғары нәтижелерді көрсетіп отыр", – дейді институт директоры орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық вакцинаның дайын болуын күтіп отырғанын айтқан еді.

"Мен өз басым қазақстандық әріптестерімді қолдаймын деп шештім, мен күтемін (коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны - ред.). Әрине, одан ертерек вакцина қабылдап, қорғану керек екенін түсінемін. Бірақ мен өз басым қазақстандық вакцинаны күтетін боламын", - деген еді ол.

Министрдің сөзінше, елімізде ресми қолдануға рұқсат етілген кез келген қазақстандық, ресейлік вакцина тексеруден өткен, қауіпсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905628-otandyq-vakcina-saldyrgan-agzada-antidene-qasan-qalyptasady/

pixel