Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтемін": Алексей Цой қазақстандық вакцинаны қабылдайтынын айтты

Опубликовано:

Медсестра держит вакцину
Көрнекі фото: NUR.KZ.Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте елде Covid-19-дың қауіпті штаммдары пайда болуына орай коронавирусқа қарсы қандай вакцина қабылдауға дайын екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цой қазақстандық вакцинаны қабылдау туралы шешімге келгенін атап өтті.

«Мен өз басым қазақстандық әріптестерімді қолдаймын деп шештім, мен күтемін (КВИ-ге қарсы қазақстандық вакцинаны - ред.) Әрине, одан ертерек вакцина қабылдап, қорғану керек екенін түсінемін. Бірақ мен өз басым қазақстандық вакцинаны күтетін боламын", - деді ол.

Сондай-ақ ол министрліктегі әріптестерінің ресейлік "Спутник V" вакцинасын қабылдағанын еске салды. Жалпы, оның бағамдауынша Қазақстанда ресми қолдануға рұқсат етілген кез келген қазақстандық, ресейлік вакцина тексеруден өткен, қауіпсіз, әсері күшті болады.

Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі қазақстандық вакцинанының қашан дайын болатынын айтқан болатын.

Цой сондай-ақ 2020 жылы болған локдаунның қайталану мүмкіндігі туралы сөз қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905439-kutemin-aleksei-coi-qazaqstandyq-vakcinany-qabyldaitynyn-aitty/

pixel