Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйде оқу мүмкіндігі жоқ студенттер жатақханада тұра алады

Жарияланған күні:

Жатақхана
Көрнекі фото: piqsels.com

Үйде оқуға мүмкіндігі жоқ студенттер Алматыда жатақханаларда тұра алады. Бұл туралы Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова айтты деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына байланысты жатақханадан шығарылып жатқан студенттер туралы сұрады. Үйде оқуға жағдайы жоқ студенттерге не істеу керек, емтиханды қалай тапсыру керегін сұрады.

"Егер студенттердің бұдан әрі бір жерде тұруға жағдайы болмаса, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді сақтай отырып, жатақханада тұра алады, – деп жауап берді Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова.

Ол мониторингтік топтардың дерегіне сүйене отырып, студенттердің бір бөлігі жатақханадан кете бастағанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол бүгін Алматыдағы жатақханалардың бірінде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін айтты. Ауру жұқтырған үш адам анықталды, олар бір бөлмеде тұрмаған. Бүгінгі күні жатақханада эпидемияға қарсы шаралар қабылданды, ауру жұқтырғандардың байланыс шеңбері анықталды, қосымша ПТР тестілеу өткізілді.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі Алматы жатақханаларынан студенттерді шығаруға қатысты түсініктеме берген еді. Ведомство бұл мәселе денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жататынын айтты, бірақ олардың студенттерді шығарғысы келмейтіндігін атап өтті, өйткені оқу жылының аяқталуына бір жарым ай уақыт қалды. Олар сонымен қатар студенттерді мәжбүрлеп шығару туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905776-uide-oqu-mumkindigi-zoq-studentter-zataqxanada-tura-alady/