Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченконың ұлы қайтыс болды

Опубликовано:

Григорий Марченко
Григорий Марченко. Фото: Getty Images/ Anatoly Strunin / Contributor

Қазақстан Ұлттық Банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы көз жұмды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ол жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды. Марқұм небәрі 24 жаста болатын", - деді Марченко басылым тілшісіне.

Айта кетейік, Григорий Марченко - танымал қазақстандық қаржыгер. Ол екі рет Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарған.

Қаржыгер 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласында өмірге келген. Отбасылы.

Григорий Марченко 1999 жылдың қазаннан 2004 жылдың қаңтарына дейін, сондай-ақ 2009 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін басқарды.

Еске сала кетсек, күні кеше Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905870-ulttyq-banktin-buryngy-toragasy-grigorii-marcenkonyn-uly-qaitys-boldy/

pixel