Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында бұрынғы шенеунік 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

пара1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-брифинг барысында Жамбыл облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысына қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады.

Ол салықтық тексерісті уақытылы және кедергісіз аяқтау үшін және басқа да кәсіпорындардың коммерциялық қызметін мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан кедергісіз жүзеге асыруына мүмкіндік беру үшін 100 мың доллар пара алды деп күдіктелуде", – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта күдікті іспен танысып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен мегаполистің мобильділік басқармасы басшысына қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтқан еді.

Сонымен қатар "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының Павлодардағы филиал басшысы қарамағындағылардан сыйақы алды деген күдікке ілінген болатын.

Өңірдің экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, басшының орынбасарымен бірге 4 жыл бойы 100-ден аса қызметкерден ақшалай сыйақы алып келгені анықталған.

Сыйақының көлемі 8 бен 10 мың теңгенің аралығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906038-zambyl-oblysynda-memlekettik-kirister-departamentinin-buryngy-bassysy-100-myn-dollar-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel