jitsu gif
Денсаулық

    377 адамның жағдайы ауыр: КВИ жұқтырғандарға қатысты тың ақпарат жария болды

    Коронавирус
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Елімізде коронавирус жұқтырған 377 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Коронавирусқа шалдыққандар туралы 3 сәуірдегі ақпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналында жария болды.

    3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 26 821 адам короновирус инфекциясынан (25 362 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 554 пациент стационарда, 17 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

    КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

    • 377 адамның жағдайы ауыр;

    • 98 пациенттің жағдайы өте ауыр;

    • 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

    COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректер де назарға ұсынылды. ВАК ұсынған мәліметтерге сенсек, 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 70 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған, 192 адам жазылып шыққан.

    Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

    Науқастар саны – 50 765, өлім жағдайлары - 696, барлығы 48 610 адам сауығып шықты.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша антирекордты жаңартқанын жазған едік.

    Одан бөлек, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 2 сәуірде коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойғанын жазған болатынбыз.

    Қаулы сенбі, үшінші сәуірден бастап өз күшіне енді. Бүгінгі күннен бастап студенттер мен оқушылар 2020-2021 оқу жылының соңына дейін қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.