Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

611-і Алматыдан: Өткен тәулікте тағы 2000-ға жуық қазақстандықтан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте тағы 1921 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабаралайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 368

Алматы қаласы - 611

Шымкент қаласы - 48

Ақмола облысы - 52

Ақтөбе облысы - 61

Алматы облысы - 255

Атырау облысы - 103

Шығыс Қазақстан облысы - 34

Жамбыл облысы - 26

Батыс Қазақстан облысы - 105

Қарағанды облысы - 88

Қостанай облысы - 35

Қызылорда облысы - 18

Маңғыстау облысы - 31

Павлодар облысы - 54

Солтүстік Қазақстан облысы - 20

Түркістан облысы - 12.

Сонымен қатар Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 4 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте үкімет жұмысын қатаң сынға алды.

Сондай-ақ отырыс барысында президент министр Алексей Цойға ескерту жасады.

"Алексей Владимирович, осыған дейін сізге қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрі үкіметтегі басты тұлға екенін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілеттігіңіз бар. Сіз жақсы жұмыс істеп бастадыңыз, кейін қарқыныңызды жоғалтып алдыңыз. Сіз сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпеген жағдайда, кадрлық өзгерістер көңіліңізді әбден түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, барлық үкіметке қатысты", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906211-elimizde-otken-taulikte-tagy-2000-ga-zuyq-qazaqstandyqtan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel