Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның 9 өңірі "қызыл" және "сары" аймақта тұр

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 4 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырған 2 916 науқас ем қабылдауда. 175 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті.

"Барлық инфекциялық стационарда 5 460 төсек-орын бар. Бүгінде оның 54% -ы толық. Қазір ем қабылдап жатқандар саны 2 916 адам. Науқастар саны сағат сайын өзгеріп жатыр. 175 науқас реанимация бөлімінде", - деді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар, ол қалада дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс медициналық құралдарының 2-2,5 айлық қоры бар екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906162-koronavirus-qazaqstannyn-9-oniri-qyzyl-zane-sary-aimaqta-tur/

pixel