jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады

Жеңіс күнін атап өту
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамыр айында қазақстандықтарды 18 жұмыс күні мен 13 демалыс күні күтуде. "Электрондық үкіметтің" Egov.kz ресми порталы демалыс күндеріне қатысты ақпаратты назарға ұсынды.

1 мамырда тұрғындар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Мерекеге орай демалыс 3 күнге созылады: 1 мамыр (сенбі), 2 мамыр (жексенбі) және 3 мамыр (дүйсенбі).

Ескерту: Мемлекеттік мереке демалыс күндеріне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс бір күнге ұзартылады.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні дәстүрлі түрде бір күн ғана атап өтіледі. Бұған қоса, қазақстандықтар 8 мамыр, сенбіде демалады.

Жеңіс күніне орай тұрғындар 9 мамырда (жексенбі) және 10 мамырда демалады (дүйсенбі).

Нәтижесінде мамырда барлығы 13 демалыс күні болмақ. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар болса, 11 күн демалады: 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр (3-ші және 8-ші мамырда олар жұмыс істейді).

Айта кетейік, биыл ең ұзақ демалыстардың бірі наурыз айында болды.

Сонымен қатар бұған дейін көктемде мұсылман қауымын қандай қасиетті мерекелер күтіп тұрғанын жазған едік.

Мәселен, санаулы күндерден кейін қасиетті Рамазан айы басталады.

Рамазан айы 13 сәуірден 12 мамырға дейін жалғасады. 13 мамыр – Ораза айт болса, 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні болмақ.

Ал 20 шілде Құрбан айттың бірінші күні. Тамызда мұсылман қауымы Ашура күнін, қазан айында Мәуліт мерекесін атап өтеді.

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.