jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында жылқы жолға шығып кетіп, үш адам ажал құшты

    Жол апаты
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында жылқы мен көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында Самара – Шымкент тас жолының бойында болған.

    "Tayota Camry 50" маркалы көлігін тізгіндеген шымкенттік тұрғын Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатқанда жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.

    "Жол апаты салдарынан ерлі-зайыптылар мен бір жасөспірім, яғни олардың немересі қайтыс болды. Ал көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Ол қаза болған ерлі-зайыптының күйеу баласы", – делінген полицияның хабарламасында.

    Аталған жайтты Ордабасы аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркеуге алған.

    Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы-Өскемен тас жолында Toyota Camry көлігі жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан еді.

    Салдарынан 28 жастағы қыз қайтыс болды. Ал иномарка жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған болатын.

    Сонымен бірге 1 сәуірде Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылған еді.

    Одан бөлек, Қарағандыда жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысқан болатын. Салдарынан бір адам қайтыс болып, екі адам жарақат алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.