Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көлік жылқымен соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: instagram.com/taldykorganec.insta

Алматы-Өскемен тас жолында Toyota Camry көлігі жолға жүгіріп шыққан жылқымен соқтығысып қалды. Салдарынан 28 жастағы қыз қайтыс болған. Ал иномарка жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасының орнында түсірілген фотолар әлеуметтік желіде пайда болды. Суреттерде Алматы облысының мемлекеттік нөмірі бар көлікке қатты зақым келгені көрінеді. Жол апатының 19 наурыз күні Кербұлақ ауданындағы Арқарлы шатқалында болғаны айтылған.

Алматы облысы полиция департаменті бұл фактіні растады. Ведомствоның мәлімдеуінше, көлік жүргізушісі қараңғы кезде жылқыны қағып кеткен.

"Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолының 149 шақырымында сағат 21:00 шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry көлігі солтүстік бағытта келе жатып, жануарды (жылқы) қағып кеткен.

Салдарынан жол апаты орнында жеңіл көліктің 28 жастағы жүргізушісі қайтыс болды. Ал 22 жастағы жүргізуші Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жатқызылды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабымен (Абайсызда адам өліміне әкелген жол-қауіпсіздік ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904278-almaty-oblysynda-kolik-zylqymen-soqtygysyp-saldarynan-bir-adam-qaitys-boldy/

pixel