Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алихан Искаков: Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту – заман талабы

Опубликовано:

Политехникалық колледжі
Фото: Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі»

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға баса назар аударып отырған Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» Еуро стандарттарға сәйкес соңғы үлгідегі зертханалық қондырғылармен жабдықталмақ. Бұл туралы колледж директоры Искаков Алихан Тұрлыбекұлы мәлімдеді.

«Тізім жасалынып, қазіргі танда Шымкент қаласының «Мемлекеттік сатып алу басқармасымен» ашық конкурс тәсілі арқылы жарияланып, жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта алынатын, зертханалық қондырғылар World Skills стандарттарына сәйкес, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар болады деп жоспарланып отыр. Еуро стандарттарға сәйкес сатып алынатын жабдықтар аталмыш мамандықтар бойынша құзіреттілік орталығы болуға мүмкіндік береді», - дейді колледж директоры.
Политехникалық колледжі
Фото: Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі»

Осы орайда Искаков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында берілген «Жас Маман» жобасын құру туралы тапсырмасына сәйкес 180 колледж «Жас маман» жобасына іріктеліп өткенін, политехникалық колледж аталмыш жоба аясында екі мамандықтың біліктіліктері бойынша қатысып жатқанын алға тартты. Нақтырақ айтсақ, «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының «байланысты монтаждаушы-кабельші» біліктілігі бойынша және «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының «техник-электрик» біліктілігі бойынша.

Политехникалық колледжі
Фото: Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі»

«Электрмен қамтамасыз ету» мен «Радиоэлектроника және байланыс» мамандықтары «Элетромонтаж ісі» және «Ақпараттық кабельдік желілер» құзіреттіліктері бойынша колледж студенттері өңіраралық, республикалық World Skills чемпионатына қатысуда.

Колледж басшысының айтуынша, оқу орны 10 мамандық, 21 біліктілік бойынша мамандар дайындайды.

Колледж сапа менеджменті бойынша 2021 жылдың 21 қантарында үш жылға жарамды мемлекеттік тізімінде тіркелген сәйкестік сертификатын иеленген.

Политехникалық колледжі
Фото: Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі»

Айта кетерлігі, колледжде Білім және Ғылым Министрлігінің 2020 жылғы 31 желтоқсанындағы №566 хатына сәйкес, колледж директорының бұйрығымен индустриалдық кеңес құрылған. Кеңестің бірінші отырысы онлайн түрде өткізіліп, индустриялық кеңестің төрағасы мен орынбасары және мүшелері бекітілді. Бұл алдағы уақытта академиялық дербестікке көшуге мүмкіндіктер ашады дейді колледж директоры.

Одан бөлек, Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес колледжде Қамқоршылық кеңес құрылып, жұмыс жүргізуде.

Политехникалық колледжі
Фото: Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі»
«Колледжде барлығы 1794 студент білім алуда. Оқу орнында дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» АҚ, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Tectum Engineering» ЖШС және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әлеуметтік серіктестік туралы үшжақты келісімге қол қойылып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Дуальды оқыту жүйесі бойынша қазіргі таңда 138 студент білім алып жатыр», - дейді Алихан Искаков.

Искаковтың айтуы бойынша, оқу орнын 2020 жылы бітірген студенттердің 80 пайыздан астамы жұмысқа орналаса алған.

«2020 жылы бітірген студенттердің жалпы саны – 390 студент, оның ішінде бюджеттік негізде – 331, ал ақылы негізде – 59 студент білім алды. Жалпы жұмысқа орналасқандар саны – 315 (81% құрайды), оның ішінде бюджеттік негізде оқуды бітіріп, жұмысқа орналасқан түлектер саны – 265 (80% құрайды)», - дейді ол.

Искаков колледж үш қабатты оқу корпусынан құралғанын және 66 астам зертханасы мен кабинеті барын мәлімдеді. Оның ішінде 10 компьютерлік сынып, 360-тан астам компьютер, 336 орындық мәжіліс залы, 80 орындық оқу залы, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толық қамтамасыз етілген кітапхана, спорт залы, 150 орындық асхана, медициналық трек, слесарлық-механикалық, электр монтаждау және электр өлшеулер шеберханалары бар екен.

Одан бөлек, Алихан Искаков колледжде жаңа типтік үлгідегі химия және биология негіздері зертханалары, физика және астрономия негіздері зертханалары барын және бүгінгі таңда оқу орны түрлі технологиялық әдістерді тиімді қолданып отырғанын айтуда.

«Колледждің білім беру жүйесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану мақсатында 22 интерактивті тақта, 6 мультимедиялық лингафон кабинеті, 30 мультимедиялық кабинет қолданысқа берілген. 2018 жылдың қаңтар айында колледж базасында 1 робот техникалары кабинеті ашылып, робот техникасымен жабдықталды. Колледж электрондық кеңсе құрал-жабдықтарымен толық жабдықталған. Сонымен қатар колледжде локальді және интернет желісіне қоса Wi-Fi сымсыз желісі жұмыс жасайды», - дейді колледж директоры.

Осы орайда Білім және ғылым министрлігінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, Smart Nation және Zoom программаларында оқу процесі ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.

Колледж директоры сөз соңында колледжде жақсы материалдық-техникалық база қалыптасқанын алға тартты. Айтуынша, оқу орнында 60 пәндік үйірме, 11 спорттық секция мен клубтар жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906806-alixan-iskakov-texnikalyq-zane-kasiptik-bilim-berudi-damytu-zaman-talaby/

pixel