Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда өздігінен ауруханадан кетіп қалған ер адам іздестірілуде

Опубликовано:

Максин
Фото: instagram.com/uralsk.lider.kz

Оралда 65 жастағы Анатолий Максинге іздеу салынды. Коронавирус инфекциясын жұқтырған азамат медицина мекемесінен шығып, жоғалып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның дерегінше, зейнеткер көпсалалы ауруханада 26 науыздан 1 сәуірге дейін болған.

"Ем қабылдап жатқан азамат белгісіз себептермен медицина мекемесінен кетіп қалған. Ол әйелі мен ұлымен бірге тұрады. Бірақ өз үйіне бармапты", - дейді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Құқыққорғаушылар мен еріктілер жоғалған азамат жайлы ақпарат таратқан.

Оның бойы - 160-165 сантиметр. Шашы ақ, сақалы бар. Қой көзді, қыр мұрынды. Қара спорттық шалбар мен қара свитер, көк жейде мен үйде киетін аяқ киім киген. Қолында сары пакеті бар.

Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың айтуынша, компьютерлік томография пациент өкпесінің 50 пайызы зақымданғанын көрсеткен. Ол вирусқа, бактерияға қарсы препараттар мен антикоагулянттар қабылдап жүрген екен. Өзін адекватты ұстаған. Алайда, тексеріс барысында өз орнында болмаған.

Анатолий Максиннің мекенжайын білетін жандар болса, 102 немесе 8 777 184 04 90 нөміріне хабарласа алады.

Айта кетейік, бұған дейін наурыз айының соңында Тараз қаласында жоғалып кеткен жасөспірімдер Қырғызстаннан табылғанын хабарлаған едік.

Олар іздеу жұмыстарын қиындату үшін сыртқы келбетін өзгерткен яғни шаштарын қара түске бояп тастаған. Қазір жасөспірімдерді алып келу үшін заңды өкілдері Қырғызстанға аттанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906818-oralda-koronavirus-zuqtyrgan-azamat-auruxanadan-qasyp-ketti/

pixel