jitsu gif branding logo appbranding logo app

Пандемия кезінде ҰБТ форматы не себепті өзгерді

Қағаз қалам1
Көрнекі фото: piqsels.com

Биыл қазақстандық мектеп түлектері ҰБТ-ны бірінші рет электронды түрде тапсырады. Білім және ғылым министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте пандемия кезінде неге ҰБТ форматы өзгерді деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ҰБТ-ны электронды форматқа көшіру жұмыстары екі жыл бойы жүргізілген.

"Форматтың өзі өзгермейді. Тек өткізу процедурасы өзгеруде. Яғни, егер бұрын ҰБТ қағаздағы тапсырма бойынша болып, балалар келіп, оларға қағаз сауалнамалар беріліп, олар ондағы шеңберлерді бояп, көп уақыт жоғалтған еді, академиялық адалдық туралы сұрақтар туындаған еді, содан кейін биылдан электронды ҰБТ-ны бастаймыз", – деп қосты ол.

Министр бұл жүйенің көптеген артықшылығы бар деп санайды. Соның бірі – тестілеу кезінде "дүрлігудің" болмауы.

"Мұнда көптеген артықшылық бар, соның ішінде пандемия кезеңіне реакция, өйткені өткен жылдары 120 мыңға жуық мектеп түлектері ҰБТ-ны 7-10 күнде тапсырды. Бұл үлкен толқу екені анық. Биыл ҰБТ үш ай бойы, шағын топтарда, өтініш берушілерге ыңғайлы уақытта өтеді", – деді ол.

Еске салсақ, министрден биылғы бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінетіндігі сұралды.

"Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Жазда бакалавриатқа берілетін грант саны – 51 500, ал магистратураға берілетін гарант саны 13 500-ге жетеді. Грантты алу конкурсына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден міндетті түрде өтіп, тапсырылған сертификатты өз еркімен тиісті базаға тіркеп, конкурсқа қатысады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.