Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кіріп-шығуға тыйым салынады": БҚО-дағы ауылда карантин күшейтілді

Опубликовано:

Блок-бекет113
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында карантин күшейтіліп, санитарлық бекеттер қойылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөрлі ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Аягөз Хайруллинаның 10 сәуірдегі қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, 11 сәуір күнгі сағат 00.00-ден 25 сәуір күнгі 00.00-ге дейін Бөрлі ауылында карантин жарияланды.

Ауылға кіреберіс жолдарға санитарлық бекеттер қойылып, халықтың қозғалысы шектеледі. Тұрғындардың ауылға кіріп-шығуына, адамдар көп жиналатын түрлі іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Медицина мекемелеріне, дәріханаларға бару қажет болған жағдайда, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер жандарға 109 телефонына хабарласып, өтінім қалдыруы керек.

Басқа ауылдарда күндіз жұмыс істейтін тұрғындар жұмыс орнынан анықтама алып жүруі тиіс.

Бөрлі ауылы – Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласынан кейінгі ірі елді мекен. Батыс Қазақстан облысында коронавирус, әсіресе, Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында өрши түсуде. Өңірде соңғы тәулікте 127 адам індет жұқтырған.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық инфекциядан сақтанудан шаршағанын, алайда бұрынғы қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы– бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру екенін бас айтқан еді.

"Тек вакцина ғана бізге қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге және кең тыныстауға мүмкіндік береді", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907332-kirip-syguga-tyiym-salynady-bqo-dagy-auylda-karantin-kuseitildi/

pixel