Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент көшелерінің біріне республикалық басылымның аты берілді

Опубликовано:

Егемен Қазақстан
Кадр: Хабар24-тен

Шымкент көшелерінің біріне республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің аты берілді деп хабарлайды Хабар 24.

Биыл мегаполисте 300-ден аса көшенің атауы өзгерген.

Тұрғындардың айтуынша, атауы жоқ көшелер халыққа қолайсыздық тудырады. Олар тіпті бұрын жедел жәрдем шақыра алмайтын болған, өйткені нақты мекенжайы жоқ болатын. Қазір сондай көшелердің біріне ресми түрде "Егемен Қазақстан" және "Қазақ радиосы" деген атау берілген.

"Жер-су атауларын өткізу бойынша жиналыс өткіздік. Қазір 167 көшенің 152-сі мақұлданып, мәслихаттың шешімі шығып жатыр. Осы Бозарық елді мекенінде зиялы қауым өкілдері көп тұрады. Барлық БАҚ өкілдері тұрады, сондықтан ол кісілердің ұсынысы бойынша "Егемен Қазақстан" атауын жер-су аталарынан бөлек ұсынғаннан кейін бір жерінен "Қазақ радиосы", бір жерінен "Егемен Қазақстан" атауы беріліп жатыр", - дейді "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдыралі.

Қазақ радиосы
Көрнекі фото: Хабар24

Еліміздегі басты басылымның атауын көшеге беру туралы бастама былтыр көтерілген. Бірден көпшіліктің қолдауына ие болған.

"Бұл тек қана қазақ баспасөзі емес, осыған еңбек сіңірген үлкен Алаш арыстарына, қарымды қайраткер қаламгерлерге, басылымда әр жылдары қызмет еткен журналист ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет деп есептеймін", - дейді Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.

Айта кетсек, бұған дейін елордада "Егемен Қазақстан" газетінің редакциясы орналасқан көшеге де "Егемен Қазақстанға" атауы берілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907337-symkent-koselerinin-birine-respublikalyq-basylymnyn-aty-berildi/

pixel