jitsu gif branding logo appbranding logo app

Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті

Бақытжан Әшірбаев
Бақытжан Әшірбаев. Фото: Отырар арнасы

Белгілі сәулетші Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаев қайтыс болды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Бақытжан Әшірбаев Шымкент қаласында дүниеге келген.

"Сәулетші" мамандығы бойынша жоғары білім алған соң, туған қаласында көп жылдар бойы сәулет пен құрылыс саласында еңбек еткен.

Еңбек жолын 1975 жылы Шымкенттегі "Южгорсельпроект" мемлекеттік жобалық институтында сәулетші болып бастаған.

1981-1999 жылдар аралығында Шымкенттің бас сәулетшісі болған. 1999-2005 жылдар аралығында "Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын өткізу мен дайындығы бойынша дирекцияны" басқарған. Осы еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық алған.

Кейін ОҚО бас сәулетшісі, ОҚО әкімінің орынбасары, "Оңтүстік басжоспар" ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Бақытжан Әшірбаев сондай-ақ фото түсірумен әуестенген. Тіпті, бірнеше рет өзінің көрмесін ұйымдастырған. Сонымен бірге сәлуетші кино түсіру жұмыстарымен де айналысқан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.