Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин отырған мекемеге келген блогерлер қызметкерлерді әбігерге салды (видео)

Опубликовано:

Блогерлер
Видеодан кадр: LIFE KZ YouTube арнасы

Алматыда блогерлер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне келді. Олар ведомствоның қалай жұмыс істейтінін көріп, қызметкерлермен сөйлесіп, қалада енгізілген шектеу шараларына наразылығын білдірген.

Блогерлер түсірген видео LIFE KZ YouTube арнасында жарияланды. Олар бизнестің тұралап қалғанына шағымданған.

Белсенділердің сөзінше, зейнет жасына жетуіне байланысты Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин отставкаға кетуі тиіс.

Блогерлер Бекшинмен кездесуге тырысқан. Алайда оның қолы бос емес болып шыққан. Осылайша, ведомство басшысының кабинетіне блогерлерді кіргізбеген.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген, оларды қызметкерлердің бірі шақырса керек. Полицейлермен әңгімелескеннен кейін блогерлер ведомствоға тағы келіп, Бекшиннің қабылдауына жазылуға тырысқан.

Сонымен бірге олар ведомство ғимаратындағы дәретханаларға шағымданған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин коронавирсуқа қатысты жағдай ушығып тұрғанда неліктен Алматыда карантиннің жеңілдетілгенін түсіндірген еді.

Оның сөзінше, жаңа қаулы енгізілген шараларды бағалауды ескере отырып дайындалған. Егер шаралар тиімсіз болса, онда олар қатаңдатылады немесе жойылады.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 2290 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласынан. Бір тәулікте оңтүстік астанада 610 адам індет жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907396-almatyda-blogerler-beksin-otyrgan-mekemege-kelip-qyzmetkerlerdi-abigerge-saldy-video/