RU

Алматы полициясы мопедтегі есірткі сатушысын ұстады (видео)

Есірткі заттары
Видеодан кадр: Polisia.kz

Оңтүстік астананың полиция қызметкерлері мопедпен жүріп есірткі сатқан азаматты ұстады. Ол кеше түнде Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында тұтқындалған деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

“Буран-073” патрульдік экипажы күдікті ер адамды кеше түнде Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында ұстады. Ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын ол өзінің құпия жерін босатқаны анықталды.

"Инспекторлардың күдігін 1995 жылы туған И.есімді азамат тудырды. Патруль көлігін көріп, ол тұрғын үйлердің аулаларына жасырынуға асықты. Алайда, бекер. Тергеу-жедел тобы ұсталған адамның жеке заттарынан түрлі-түсті орамаларды тәркіледі, шамасы, марихуана. Тәркіленген заттың кімдікі екендігін және шыққан жерін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. И.есімді азамматтың өзі есірткіні бұрын белгіленген мекен-жайларға тарататындығын және сол жерде бетбелгі жасайтындығын жоққа шығармайды. Өзі болса тауарды көп мөлшерде құпия орынның көмегімен алдырады", – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Спикер, сонымен қатар, И.есімді азаматтың ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қалаға есірткіні жеткізу және оны көтерме сату арналарын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені өткізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907521-almaty-policiyasy-mopedtegi-esirtki-satusysyn-ustady-video/