Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан Түркияға әуе рейсі шектелуі мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстаннан Түркияға әуе рейстері шектелуі мүмкін. Себеп аталған елде эпидахуал ушығып, пандемия басталғалы науқастардың рекордтық көрсеткіші тіркелуде. Түркияда вирустың "британдық" және "бразилиялық" штаммы жылдам таралып, аурудан көз жұмғандар соңғы аптада күрт өскен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна дерегінше, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қасиетті Рамазан айында шектеу шарасын одан сайын күшейтті.

Өйткені, Түркияда жұқпалы дерт қайтадан дендеп барады. Өткен аптадан бері аталған мемлекетте күн сайын 50 мыңнан астам адамнан ауру анықталудп.

Бұл пандемия басталғалы рекордық көрсеткіш.

Жергілікті билік наурыз айында инфйекция жағдайлары таралаған соң, коменданттық сағат енгізген.

Анкарада білім алып жүрген отандасымыз қасиетті Рамазан айында шектеу шаралары тағы күшейтілгенін жасырмады. Мархабат Ілияс көшеде сақтық ережелерін қатаң сақтауға тырысамыз деп отыр. Себебі, бетпердесіз жүргендерді полиция әкімшілік жазаға тартады.

"Егер бетпердесіз жүрсек, 9 лира – 50 теңге айыппұл салынады. Түркияда коронавируспен күрес шаралары жалғасуда. Кешеден бастап кафе, мейрамхананың барлығы жабылды. Тапсырыспен ғана жұмыс істейді. Коменданттық сағат кешкі сағат тоғыздан таңғы сағат беске дейін. Апта соңында көшеге шығуға тыйым салынды. Апта соңында тек дүкен мен дәріханаға бара аламыз", - деді ол.

Түркияның денсаулық сақтау министрі 7 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компанентін алып үлгергенін хабардар етті. Фахретттин Кожа елде "британдық" және "бразилиялық" штаммның тез таралып, эпидахуал ушыққанын ескертті.

Қазір отандық туроператорлар Түркияға жолдама алған туристердің рейсін маусым айына ауыстыруға мәжбүр.

"Қазіргі уақытта турпакетпен Түркияда демалып жүрген 200 отандасымыз бар. Олардың денсаулығына алаңдайтын негіз жоқ. Өйткені Түркия туристерге барлық жағдай жасайды. Оған күмәніміз жоқ. Қазір алдын ала төлем алған туристердің демалысын келесі айға шегеріп жатырмыз. Түркиядағы эпидахуалды бақылаймыз. Алайда ПТР-тест арқылы елге оралсақ, қазір бұл талап барлығына міндетті. Сол кезде бәрі дұрыс болады", - деді "Туристік қамқор" қорының төрайымы Инна Рей.

Жағдайдың ушығуына қатысты бірқатар елдер Түркиямен әуе байланысын шектеді. Бұл мәселе Қазақстанда да талқыланады.  

"Түркиямен әуе қатынасты тоқтату немесе қысқарту бойынша мәселелердің шешімі тек қана ведомствоаралық комиссияның шешімімен шығады. Бүгін, ертең комиссия отырысы өтеді. Сол уақытта шешім шығады. Қазір Түркия және басқа елдермен әуе қатынасы тоқтатылған жоқ", - деді санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана,

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907813-qazaqstannan-turkiyaga-aue-reisi-sektelui-mumkin/

pixel