Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай, Шоқан, Жамбыл сынды тұлғаларды заманауи бейнелеп жүрген отандық дизайнер туралы білесіз бе (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: adilovich/Instagram

Абай, Шоқан, Жамбыл сынды көрнекті тұлғалардың суретін заманауи форматта бейнелеп, әлеуметтік желіде көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген дизайнер Шәріпханов Нұрдаулет алғаш рет сұқбат берді деп жазады qadam.asia.

Жас дизайнер 1998 жылы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде өмірге келген.

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін аяқтаған. Қазіргі уақытта аталған шаһарда жұмыс істейтінін айтады.

"Менің негізгі мамандығым программист болатын. Мектеп кезінде ойындарды қазақша стильде жасағым келетін, оны жасап та көрдім. Ойын ішіндегі персонаждарды қазақша стильге келтіру үшін фотошоп бағдарламасы керек болды. Сол кезде Youtube-тен қарап бірнеше ай үйренген едім", - дейді Нұрдаулет Шәріпханов.

Фото
Фото: adilovich/Instagram

Жас дизайнер Instagram парақшасында еліміздің көрнекті тұлғаларын замануи бейнеде жасап, бөлісіп жүр.

Нұрдаулет бұл идеяны Алматы қаласында бір типографиядан көргенін, қазір соны өзі қолға алғанын атап өтті.

Фото
Фото: adilovich/Instagram

Оның сөзінше, жұмысын желідегілер жоғары бағалауда.

"Менде әлі негатив жазбалар кездеспеді. Мен суретті бейнелегенде рухани құндылықтардан аспауға тырысамын. Халықтың жақсы пікір қалдыруы да соның себебінен деп ойлаймын. Көбісі хайп ұстау мақсатында суретті әртүрлі өзгерістерге ұшыратып халықтың наразылығын тудырып жатады. Ал менің мақсатым ол суреттерді өзгерістерге ұшырату емес, қайта жаңадан дем беру. Яғни ескі суреттердің сапаларын жақсартып оны халықтың назарына қайта ұсыну", - дейді Нұрдәулет.

Фото
Фото: adilovich/Instagram

Талантты жігіт сөз соңында дизайнер болғысы келетіндерге өз кеңесін берді.

"Дизайнер болу үшін өзіндік көзқарасты қалыптастыру керек және тоқтаусыз ізденісте болу керек", - дейді ол.

Фото
Фото: adilovich/Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908285-abai-soqan-zambyl-syndy-tulgalardy-zamanaui-beinelep-zurgen-otandyq-dizainer-turaly-bilesiz-be-foto/

pixel