RU

5 есірткі зертханасын құрған: Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс орны74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды полицейлері трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық топты ұстау барысында олардан 70 келі синтетикалық есірткі мен 3,5 тонна пркурсорлар табылды.

Ұйымдасқан топ еліміздің 5 облысында жүйкеге әсер ететін заттарды саудалаумен айналысқан.

Есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысатын тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатында Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы арнайы жедел-тергеу тобын құрды.

Олардың жұмысының нәтижелері бойынша ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің көмегімен Қазақстан Республикасының 5 облысының аумағында жұмыс істейтін 5 есірткі зертханасын құруға қатысы бар 10-нан астам адам ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908388-5-esirtki-zertxanasyn-qurgan-qaragandyda-uiymdasqan-qylmystyq-top-ustaldy/